24 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-03/1010

311 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 18 қараша, Астана қаласы Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін айқындау әдістемесін бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін айқындау әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналас­тырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі _____________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 23 желтоқсан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 18-03/1010 бұйрығымен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін айқындау әдістемесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін айқындау үшін қолданылады. 2. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін айқындау: 1) олжалаудың нормативік лимиті – Заңның 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алу нормативтері; 2) олжалау және жануарлардың өсім коэффициенті; 3) жануарлар саны (мекендеу ортасынан алынған жануарлар, олардың бөліктері мен дериваттары) негізінде жүргізіледі. 3. Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшін төлемақыны әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан алуға рұқсат беру үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 4. Мынадай жағдайларда: 1) жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, көшiру, жерсiндiру, жасанды өсіру және будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде; 2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген әрі қамауда және (немесе) жартылай қамауда ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілерін пайдаланған кезде; 3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеу мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған кезде; 4) ел денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан сақтау, ауылшаруашылық және басқа да үй жануарларын жұқпалы аурудан сақтау, қоршаған ортаға келтірілген залалға жол бермеу, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс жануарлар түрлерін алған кезде төлемақы алынбайды. 2. Жануарлар дүниесін (тұяқты жануарлар) пайдаланғаны үшін төлемақыны айқындау 5. Аңшылық объектілерін (тұяқты жануарлар) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері төменде келтірілген формула бойынша айқындалады: Стж = Н x Жөк x Ок х Жс, мұнда: Жөк – жануарлардың өсім коэффициенті; Стж – төлемақы мөлшері тұяқты жануарлар; Ок – олжалау коэффициенті; Н – олжалаудың нормативті лимиті; Жс – жануарлар саны. 3. Аңшылық объектілерін (жыртқыш және терісі бағалы жануарлар) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін айқындау 6. Аңшылық объектілерін (жыртқыш және терісі бағалы жануарлар) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін төменде келтірілген формула бойынша айқындалады: Сжтбж = Н x Жөк x Ок х Жс, мұнда: Сжтбж – төлемақы мөлшері Жөк – жануарлардың өсім коэффициенті; (жыртқыш және терісі бағалы жануарлар); Ок – олжалау коэффициенті; Н – олжалаудың нормативті лимиті; Жс – жануарлар саны. 4. Аңшылық объектілерін (құстар) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін айқындау 7. Аңшылық объектілерін (құстар) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері төменде келтірілген формула бойынша айқындалады: Сқ = Н x Жөк x Ок х Жс, мұнда: Жөк – жануарлардың өсім коэффициенті; Сқ – төлемақы мөлшері (құстар); Ок – олжалау коэффициенті; Н – олжалаудың нормативті лимиті; Жс – жануарлар саны. 5. Өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін айқындау 8. Өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері төменде келтірілген формула бойынша айқындалады: Сшм = Жө х Ок x Жс, мұнда: Жө – жануарлардың өсім коэффициенті; Сшм – төлемақы мөлшері Ок – олжалау коэффициенті; (басқа да шаруашылық мақсаттарда пайдалану); Жс – жануарлар саны. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 26 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12924 болып енгізілді.